Атырауда төрт жаңа автобус бағыты ашылады
- Details
- 06.03.2026
85% Атырау облысында АИТВ-мен өмір сүретіндердің басым бөлігі — қала тұрғындары, 15% — ауылдықтар, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Өңірде 2025 жылғы 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында 1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай алдын алу айлығы өтті. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мәліметінше, 2025 жылдың 10 айында облыс халқының 16,2%-ы тестілеуден өткен. Тексерілгендердің 0,05%-ынан инфекция анықталған.
Тіркелген жағдайлардың 85%-ы қала тұрғындары арасында, 15%-ы ауылдық жерде анықталған.
Жұқтыру жағдайларының 68,8%-ы гетеросексуалдық қатынас арқылы, 29,7%-ы гомосексуалдық қатынас арқылы, 1,6%-ы инъекциялық есірткі қолдану салдарынан болған.
Анықталған жағдайлардың 34,4%-ы 20–29 жас аралығындағы жастарға тиесілі. Сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар арасында да жағдайлар тіркелген — 4,7%.
Есепте тұрған 11 411 жүкті әйелдің 99,9%-ы тестілеуден өткен, олардың 95,5% серіктесі де тексерілген. Жүкті әйелдер арасында АИТВ жұқтыру жағдайлары анықталмаған.
Мамандардың айтуынша, тестілеу мен емдеу тегін жүргізіледі, тексеруден орталықта немесе емханада анонимді түрде өтуге болады. Ақпараттың құпиялығы қатаң сақталады.
Фото: ru.freepik.com