Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда 400-ден астам азамат әскерден жалтарып жүр...

Атырауда әскерден жалтарып жүрген 400-ден астам азамат іздестірілуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырауда әкімдік, полиция және қорғаныс істері басқармасының қызметкерлері мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген азаматтармен бірлескен рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ведомство мәліметінше, көптеген шақырылушылар 1414 нөмірінен келетін хабарламаларға, шақыру қағаздарына жауап бермей, әскери басқару органдарына келмей жүр.

Ресми дерекке сәйкес, қазіргі таңда қалада 400-ден астам азамат әскерге шақырудан жалтарып жүр.

Билік өкілдері әскери қызмет әр азаматтың міндеті екенін еске салып, тұрғындарды шақыру қағаздары бойынша уақытылы келуге шақырды.