Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда 23 тамызда қоғамдық көлікте жүру тегін болады

Бұл шешім сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлау күні қоғамдық көлікте жүру тегін болады.

«Бұл шара азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау және сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды. Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз», – делінген хабарламада.