Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда 1700 үйге арнайы датчиктер орнатылды

Атырауда шамамен 1 700 үйге көміртек тотығын анықтайтын датчиктер орнатылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі бастамасымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне тегін түрде:

• 480 көміртек тотығын анықтайтын датчик
• 653 түтін хабарлағышы орнатылды.

Соңғы үш жылда өңірде дабыл батырмаларын қоса алғанда, шамамен 2000 қауіпсіздік құрылғысы орнатылған.

Осы жылыту маусымында 69 өрт оқиғасы тіркелді. Негізгі себептері:

  • электр желісіндегі қысқа тұйықталу

  • жылыту қазандықтары мен пештердің дұрыс орнатылмауы немесе пайдаланылмауы

  • отты абайсыз пайдалану.

Өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы Бағдат Абдуллин тұрғындарды электр желілері мен пеш жабдықтарын тексеріп, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Жылыту маусымы басталғалы бері полиция, ҚазақГазАймақ, AMANAT партиясы және еріктілер 20 мыңнан астам үйді аралап, 31 мыңнан астам адамға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.