Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда 10 жыл созылған экологиялық мәселе шешілді

Экология саласында прокуратура алқасының көгалдандыру мәселесі жөніндегі шешімімен жауапты лауазымды тұлғалар айқындалып, «жасыл белдеуді» қалыптастыру тұжырымдамасы және өзге де іс-шаралар әзірленді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

Бұған дейін ағаштар суару мен күтім жоқ шалғай аумақтарға отырғызылып, олардың қурауына әкелген.

Енді прокуратура барлық тартылған кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелеп, өңірдің ірі елді мекендерін кезең-кезеңімен толық көгалдандыруға және атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға мүмкіндік жасады.

Мұнай өңдеу зауытының айналасындағы қауіпті аймаққа қатысты 10 жылдан бері созылған экологиялық мәселе шешімін тапты.

Прокуратура актісі бойынша зауыттың жаңа санитариялық-қорғау аймағы бекітілді. Бұл аумақта 200-ден астам адам тұрады.

Қазіргі таңда 80 тұрғын үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру мәселесі шешілуде.

Сонымен қатар, су объектілерін қорғау саласындағы 3 жылдық құқықтық олқылық жойылды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде су қорғау аймақтарының шекаралары бекітіліп, олардың шегіндегі қызмет тәртібі регламенттелді.

Жағалау аумақтарындағы жер пайдалану мәселелері ретке келтіріліп, өзен бойындағы заңсыз құрылыс пен өзге де заңсыз қызмет фактілерінің жолы кесілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ