Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда 10 мыңнан астам қарасора түбі жойылды

1 маусымнан бастап Қазақстанда есірткінің заңсыз айналымының алдын алуға бағытталған «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау облысында полиция қызметкерлері рейдтер мен тексеру жұмыстарын жүргізіп, жабайы түрде өсетін қарасора өсімдігі өсетін орындарды анықтауда. Бүгінде 10 мыңнан астам қарасора түбі жойылды.

Құқық қорғау органдары елді мекендерге жақын аумақтарды, қараусыз қалған жерлер мен ауыл шаруашылығы алқаптарын тексеріп жатыр. 

Полиция тұрғындарды бейжай қалмауға және есірткінің заңсыз айналымына қатысты фактілер, сондай-ақ күдікті жағдайлар туралы хабарлауға шақырады.