Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда 1,4 миллионнан астам вакцина салынды

Жыл басынан бері Атырау облысында төрт түліктің аса қауіпті ауруларының алдын алу мақсатында 1,4 миллионнан астам доза вакцина қолданылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Вакцинация сібір жарасы, аусыл, пастереллез, құтыру, түйе обасы, эмкар (карбункулез), эхинококкоз және туберкулезге қарсы жүргізілді. Барлық вакциналар республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынды.

Сонымен қатар, бруцеллездің таралуының алдын алу мақсатында мамандар 565 мыңнан астам ауыл шаруашылығы малын тексеруден өткізді. Олардың барлығы зертханалық диагностикадан өтті.

Ветеринария бөлімінің басшысы Сайран Гуднановичтің айтуынша, жүйелі вакцинация мен тұрақты ветеринариялық бақылау өңірдегі эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтауға және қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ