Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау тұрғындарынан түнде терезе ашпау сұралды

«Дезинфекция» медициналық мекемесі зиянкестерге қарсы жасыл желектерді химиялық өңдеу жүргізілетіні туралы ескертеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жұмыстар биыл сәуір айында түнгі уақытта — сағат 22:00-ден 07:00-ге дейін — аулаларда, саябақтарда, скверлерде, демалыс аймақтарында және қала көшелерінде жүргізіледі.

Осыған байланысты тұрғындардан сақтық шараларын сақтау сұралады:

▪️ түнгі уақытта терезелерді ашпау;
▪️ өңдеу жүргізіліп жатқан кезде сол аймақта болмау;
▪️ балаларды қараусыз қалдырмау, олардың өңдеу аймағында болуына жол бермеу.