Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда уақытша ыстық су болмайды

«Атырау жылу желілері» ЖШС 21–22 сәуір күндері магистральдық және тарату жылу желілеріне гидравликалық тығыздық пен беріктікке жоспарлы сынақтар жүргізілетінін хабарлады, деп жазады AtyrauTODAY тілшісі.

«Осыған байланысты тұтынушыларға ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.

ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН МАҢЫЗДЫ:

Сынақ жүргізу кезеңінде:

  • жылу желілеріне 10 метрден жақын бармауды;
  • қауіпті аймақта балаларды қараусыз қалдырмауды;
  • құбырлардың маңында үй жануарларын, автокөліктерді және жеке заттарды қалдырмауды сұраймыз.

Бұл жазатайым оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу үшін қажет.

Құбырлардан су ағу немесе жарылу жағдайлары анықталған жағдайда, келесі байланыс нөмірлеріне шұғыл хабарлауды сұраймыз:
99-43-07, 99-43-98. e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.