Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау студенттері үлгерімді 12%-ға арттырған AI-платформаны ойлап тапты

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті студенттері Edu Data Insight атты платформаны жасап шығарды. Бұл жүйе бір семестрдің ішінде студенттердің орташа академиялық үлгерімін 12%-ға арттырды.

Платформа түрлі деректерді жинап, талдайды:

  • бағалар

  • сабаққа қатысу

  • тест нәтижелері

  • LMS жүйесіндегі ақпарат

Ең бастысы — ол тек көрсеткіштерді тіркеп қана қоймай, болашақтағы нәтижелерді болжайды. Жүйе семестрдің ортасында-ақ студенттің үлгерімін 89% дәлдікпен болжай алады.

AI HUB жетекшісі Ақмарал Әбдіғалиева айтуынша, бұл жүйе студенттерге:

  • үлгерімінің толық көрінісін көруге

  • шамадан тыс жүктемені анықтауға

  • жеке цифрлық ментор сияқты ұсыныстар алуға көмектеседі

Edu Data Insight жобасы — «ақылды университет» моделіне жасалған қадам. Мұнда шешімдер деректерге сүйене отырып қабылданады, ал оқу процесі барынша тиімді болады.