Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау-Орал тасжолында 30 келіге жуық шаян тәркіленді

«Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында су биоресурстарының заңсыз айналымына қатысты бірнеше дерек анықталып, жолы кесілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау – Орал тасжолының бір учаскесінде «УАЗ» автокөлігі тоқтатылды. Көліктің салоны мен жүксалғышын тексеру барысында 28,5 келі балық және 28 келіден астам өзен шаяны анықталып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша су биоресурстарын заңсыз аулау және айналымға енгізу бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта келтірілген залал мөлшері анықталуда.