Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау облысының прокуратурасы бірінші жартыжылдықты қорытындылады

Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевтың төрағалығымен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Облыс прокуроры прокуратура органдары үшін Мемлекет басшысы мен Бас Прокурор айқындаған, Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған міндеттерді іске асыру негізгі бағдар болып қала беретінін атап өтті.

«Жаңа Конституцияның күшіне енуі жағдайында прокуратура органдары оның ережелерінің іс жүзінде орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Басты міндетәрбір азамат өз құқықтарының нақты қорғалғанын сезінуі және заң қоғамның бұлжымас құндылығы болып қалуы», – деп атап өтті Мадияр Басшыбаев.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қадағалау қызметінің бірқатар негізгі бағыттары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілгені де көрсетілді.

Сонымен қатар, облыс прокуроры «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы «Құндылықтар бесминуттығы», сондай-ақ «Айқын нәтиже» және «Саналы ұрпақ» жобаларын ілгерілету мен профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс деңгейі 3,5%-ға (1 781-ден 1 719-ға дейін), оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 53%-ға (90-нан 42-ге дейін), адам өлтіру 46%-ға (13-тен 7-ге дейін), тонау 37%-ға (19-дан 12-ге дейін), бұзақылық 31%-ға (48-ден 33-ке дейін) төмендегенін атап өтті.

Амандық АБДОЛ