Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау облысындағы жолдардың жайы нешік?

Атырау облысындағы жолдардың 83%-ы – жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында жолдарды жөндеу және олардың сапасын бақылау жұмыстары туралы баяндады.

Өңірдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы — 6542 км. Оның ішінде:

• Республикалық маңызы бар жолдар — 1115,6 км
• Облыстық маңызы бар жолдар — 846,4 км
• Қалалық жолдар — 2050,9 км
• Аудандық жолдар — 1088,7 км
• Кентішілік және ауылішілік жолдар — 1440,7 км

2025 жылы 45 елді мекенде 78 жоба аясында 235 км жол жөнделді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 83%-ға жетті. 2026 жылы бұл көрсеткішті 86%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Жол сапасына ерекше назар аударылуда: Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы арқылы бақылау күшейтілді, осы мақсатқа бюджеттен 370 млн теңге бөлінді.

2025 жылы 484 ақау анықталып, оның 150-ге жуығы мердігерлер тарапынан кепілдік міндеттемелер шеңберінде жойылды.

Жолдарға түсетін жүктемені бақылау үшін автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда: облыстық жолдарда жоспарланған 4 станцияның 3-еуі іске қосылды, республикалық жолдарда жоспарланған 9 станцияның 2-еуі орнатылды, қалған 7-еуі келесі жылы пайдалануға беріледі.