Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау облыстық балалар ауруханасында ерекше бөлме ашылды

Атырауда «Жүректен жүрекке» жобасы аясында медицина қызметкерлеріне арналған relax-бөлме ашылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бұл кеңістік дәрігерлердің эмоционалдық жағдайын жақсартуға, кәсіби күйзелістің алдын алуға және ауысым арасындағы қысқа үзілістерде күш-қуатын қалпына келтіруге арналған.

Дәрігер мамандығы үлкен жауапкершілікті, төзімділік пен үнемі жоғары зейінді талап етеді. Күнделікті жүктеме жағдайында медицина қызметкерлерінің психоэмоционалдық ахуалын қолдау аса маңызды. Бұл пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Relax-бөлмеде тыныш атмосфера қалыптастырылған: жұмсақ жарық, баяу әуен және жайлы демалысқа арналған жағдай жасалған. Мұнда дәрігерлер жұмыстан аз уақытқа алаңдап, күш жинап, пациенттерге жаңа серпінмен орала алады.

«Жүректен жүрекке» жобасының басты мақсаты – медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсету, олардың еңбегіне құрмет білдіру және моральдық қолдау көрсету.