Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау қысқа дайын ба?

 

 

Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов бірқатар инженерлік инфрақұрылым нысанын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

 

Қала әкімі инфрақұрылымы жылыту маусымын тұрақты өткізуге мүмкіндік бермей отырған «Samal Town», «Абырой» және «Family» тұрғын үй кешендеріндегі жағдайды көрді. Данияр Таханов аталған тұрғын үй кешендеріндегі мәселелерді шешу бойынша жол картасын бекітіп, оларды жеті күн ішінде қала балансына қабылдауды тапсырды. Осыдан кейін тұрақты жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін қазандықтар мен басқа да қажетті жабдықтарды ауыстыру жұмыстары басталуы тиіс.

 

 

Сондай-ақ қала әкімі Жұлдыз-1/2 шағын ауданындағы кәріз желілерінің құрылысына барды. Әлеуметтік маңызы бар жоба аясында 9 290 тұрғынды орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамту көзделген. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 66 шақырым кәріз желісі мен 4 кәріздік сорғы станциясын салу жоспарланған. Қазіргі таңда нысанның құрылыс дайындығы 76 пайызды құрап, 66 шақырым желінің 60 шақырымы тартылды.

 

Данияр Таханов мердігер ұйымдардың жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауын алдағы ынтымақтастық барысында ескеретінін атап өтті. Сондай-ақ нысандағы жұмыстарды сапалы аяқтап, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

Амандық АБДОЛ

Фото: ru.freepik.com