Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау әкімдігі ескертуден кейін де жиналмаған қоқысты мәжбүрлі түрде тазалайды

Атырауда қаланы санитарлық тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл ретте берілген ескертулер жай ғана сөз емес, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Белгіленген талаптарға сәйкес, жеке тұрғын үй иелері, ұйымдар мен кәсіпкерлер өз аумағының ғана емес, оған іргелес 5 метр жердің де тазалығын қамтамасыз етуге міндетті.

Алайда кейбір тұрғындар мен кәсіпкерлер аулаларынан тыс жерлерге бетон конструкцияларын, қоқыс, ПГС, топырақ, құрылыс материалдары мен тастарды жинауды жалғастырып келеді.

Қазір әкімдік қызметкерлері аумақтарды аралап, талаптарды түсіндіріп, ескерту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда ескертуден кейін де қоқыс пен түрлі конструкциялар орнында қалса, олар арнайы техниканың көмегімен мәжбүрлі түрде шығарылады.