Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырау қаласының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қабылдау барысында тұрғын үймен қамту, жер учаскелерін алу, электр желілерін коммуналдық меншікке беру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік көмек көрсету және қала инфрақұрылымына қатысты мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, тұрғындар аяқталмаған тұрғын үй құрылысы, спорт алаңдарын салу, инженерлік желілерді реттеу және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруды жауапты бөлімдерге тапсырды. Бірқатар мәселе бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер беріліп, тиісті жұмыстарды зерделеу қажеттігі айтылды. Тұрғындармен ашық диалог орнатып, олардың өтініштеріне назар аудару және мәселелерді заң аясында шешу – қала әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі.

Бұдан бөлек, шаһар басшысының төрағалығымен цифрландыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған қала әкімінің орынбасарлары, облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аман Сұлтанов, қала әкімі аппаратының басшысы және дербес бөлімдердің басшылары қатысты. Жиында қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты салаларды цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Атап айтқанда, қоғамдық көліктерге бейнебақылау камераларын орнату, көлік қозғалысын бақылайтын диспетчерлік жүйені жетілдіру, жол инфрақұрылымының сапасын мониторингтеу, инватакси қызметін цифрландыру және құрылыс саласына бірыңғай ақпараттық жүйе енгізу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын бақылау мен басқарушылық шешімдер қабылдауда деректерді тиімді пайдалану бағыттары сөз болды. Жиынға қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, цифрлық шешімдерді енгізудің тиімді жолдарын талқылады. Қала әкімі Данияр Таханов цифрландыруды жүйелі түрде қолға алып, басқарушылық шешімдер қабылдау үдерісіне заманауи технологияларды кеңінен енгізудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық жүйелер жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етіп, адами факторды азайтуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар шаһар басшысы нақты нәтижеге бағытталған, тиімді әрі өзекті жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Ол ұсынылған бастамаларды жан-жақты зерделеп, қаланың дамуына және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететін жобаларға басымдық беруді тапсырды.

Амандық АБДОЛ