Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау қаласы маңында жаңа саябақ бой көтермек

Еркінқала ауылында аумағы 2 гектарды құрайтын жаңа саябақтың құрылысы басталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қазіргі уақытта аумақты қоршау және биіктігі 4–5 метр болатын 1000 түп шаған ағашын отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта саябақ заманауи талаптарға сай жабдықталатын болады. Мұнда жаяу жүргіншілер жолдары салынып, балалар ойын алаңдары мен воркаут аймақтары орнатылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, тұрғындардың жайлы демалысы үшін орындықтар қойылып, кешкі уақытта қауіпсіздік пен жарықтылықты қамтамасыз ететін жарықтандыру жүйесі жүргізіледі.

Бұл жоба ауылдың келбетін жақсартып, жергілікті тұрғындарға қолайлы демалыс орнын қалыптастыруға бағытталған.

Айта кету керек, жасыл желектерді отырғызу жұмыстары бюджет қаражаты есебінен емес, демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылуда.