Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы тағайындалды

Полковник Айдар Қасанов Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырауда құқық қорғау органдары жүйесінде кадрлық өзгерістер болды. Қалалық Полиция басқармасының бастығы қызметіне полковник Айдар Қасанов тағайындалды. Жаңа қызметке дейін ол Ақтау қалалық Полиция басқармасын басқарған.

Ал Атырау қалалық Полиция басқармасының бұрынғы бастығы Бақтыбек Исаев тергеу изоляторына қамалды. Бұған дейін ол уақытша ұстау изоляторында болған. Исаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол ішкі істер органдарынан теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған.

Тергеу аясында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері тексерілуде. Оның әрекеттеріне қатысты соңғы құқықтық баға әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.