Атырау — Астрахань автожолының Хамит Ерғалиев ауылы маңындағы учаскесінде жылдамдық режимі өзгерді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
2026 жылғы 3 қыркүйектен бастап бұл учаскеде рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық 100-ден 60 км/сағ-қа дейін төмендетілді.
Жүргізушілерден жаңа шектеуді ескеріп, жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.