Санавиация 6 айлық сәбиді Жылыойдан Атырауға шұғыл эвакуациялады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
13 мамыр күні сағат 18:44-те Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен ауыр хәлдегі 6 айлық сәби жеткізілді.
Алдын ала диагноз бойынша нәрестеге пневмония және II дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі анықталған. Сәби бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.
Дәрігерлер толық тексеру жүргізіп, консилиум ұйымдастырды және облыстық мамандармен қашықтан кеңесті.
Бүгін сәби санавиация тікұшағымен шұғыл түрде Атырау облыстық ауруханасына жеткізіліп, әрі қарай ем қабылдайтын болды.