23 тамыз — Құрылтай депутаттарын сайлау күні Атырау тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық көлікте тегін жүру азаматтардың қала ішінде ыңғайлы қозғалуын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Бұл шешім дауыс беру күні қаладағы қоғамдық көліктердің барлығына қатысты болады.