Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

18 жастағы Гаухар алғаш рет дауыс берді

Құрылтай депутаттарын сайлау күні жастардың белсенділігі де байқалады. №7 сайлау учаскесінде 18 жасқа толған жас азаматтар алғаш рет дауыс беріп, өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асырып жатыр.

Солардың бірі – студент Гаухар Билханова. Ол бүгін алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

«Бұл күн мен үшін ерекше әрі маңызды. Себебі бүгін алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Бұл – өмірімдегі есте қаларлық сәттердің бірі», – дейді Гаухар Билханова.

№7 сайлау учаскесінің төрағасы дауыс беру процесінің заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылғанын атап өтті. Учаскеде 1308 азамат тіркелген. Учаскелік комиссия құрамында 7 мүше жұмыс істеп, дауыс беру барысын 10 байқаушы бақылап отыр.

Қазіргі уақытта тұрғындар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауда. Учаскедегі белсенділік біртіндеп артып келеді.

Айта кетейік, бірқатар сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс берген жастарға естелік сыйлықтар табысталуда.