Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Салық пен халық: Атырауда 14 мың тұрғыннан өтініш түскен

Жыл басынан бері Атырау облысының салық төлеушілерінен 14 мыңнан астам өтініш түскен, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жыл басынан бері Атырау облысының салық төлеушілерінен 14 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Өңір тұрғындары көбінесе артық немесе қате төленген салықтарды қайтару немесе есепке жатқызу мәселелері бойынша сұрақ қояды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары және call-орталығы басқармасының міндетін атқарушы басшысы Эльмира Муханбетжанова мәлімдеді. Егер салық белгіленген сомадан артық төленсе, артық төлемді басқа салықтық міндеттемелерді өтеуге бағыттауға немесе банктік шотқа қайтаруға болады.

Өтінішті салық төлеушінің кабинеті, eGov.kz порталы немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы онлайн беруге болады. Берешек болмаған жағдайда қаражат 5 жұмыс күні ішінде қайтарылады.

Егер төлем жасау кезінде ИИН, БИН, КБК немесе басқа да деректемелер қате көрсетілсе, төлем құжатының нөмірін көрсету қажет.

2026 жылдың басынан бері бюджетке 3,05 млн теңге мемлекеттік баж және 4,13 млн теңге әкімшілік айыппұл түскен.