Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Нарын ауылында балабақша құрылысы аяқталуға жақын

Атырау облысында мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Облыстық Құрылыс басқармасының тапсырысымен Исатай ауданына қарасты Нарын ауылында 80 орындық балабақшаның құрылысы аяқталуға жақын.

Жаңа нысан бүлдіршіндердің өз ауылында тәрбиеленіп, білім алуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, бүгінде Атырау облысында тағы бес балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

Балаларға жасалған жағдай – ел болашағына салынған инвестиция. Жаңа әлеуметтік нысандардың бой көтеруі ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Амандық АБДОЛ