Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округіне қарасты Жасқайрат ауылының тұрғыны Сырым Тәжіков биыл алғаш рет егін шаруашылығымен айналысып, Ойыл өзенінің жағалауындағы 5 гектар жерге тары екті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Бұл – Қызылқоға өңірінде дәнді дақыл өсіруге бағытталған диқанның жеке бастамасы. Егістік жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде
Қазіргі таңда егістік алқабында егінді күтіп-баптау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы дақылының қалыпты өсіп-жетілуі үшін барлық қажетті агротехникалық шаралар уақытылы әрі сапалы атқарылып жатыр.
Келер жылы егіс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр
Диқан келесі жылы егіс алқабының көлемін кеңейтуді көздеп отыр. Егер биылғы өнім күткендегідей мол болса, тары егілетін жер көлемі ұлғайтылып, ауыл шаруашылығы өндірісін одан әрі дамыту жоспарланған.
