Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Халықаралық форум қатысушылары Атыраудың балығын тамашалады

«Қазыналы Каспий» форумының қонақтары өңірдегі жетекші балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

«Қазыналы Каспий» халықаралық балық шаруашылығы форумы қатысушылары Атырау облысындағы «Амангелді» ЖШС балық өңдеу кәсіпорнына барды. Қонақтарға шикізатты қабылдау мен сұрыптаудан бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік үдеріс таныстырылды. Форум қатысушылары балықты өңдеудің заманауи технологияларына, кәсіпорынның экспорттық әлеуетіне және сапаны бақылау жүйесіне ерекше назар аударды. 

Компания өнімдері Франция, Германия, Бельгия және Еуропаның басқа да елдеріне экспортталады. Кәсіпорында өнімді еуропалық стандарттарға сәйкес шетелге шығаруға мүмкіндік беретін еуронөмір бар. 

Бүгінде «Амангелді» ЖШС Атырау облысындағы балық шаруашылығы саласының көшбасшы кәсіпорындарының бірі саналады. Мұнда 400-ге жуық тұрақты және 1100-ден астам маусымдық қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ кәсіпорынның құрамында 20 шағын тоннажды кеме мен 6 теплоходтан тұратын жеке балық аулау флоты бар.