Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Исатайда тағы не боп жатыр?

Исатай ауданы прокуратурасымен салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Талдау нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері тарапынан мүлік салығын төмендетіп көрсету және уақытылы төлемеу негізінде Салық кодексі талаптарының жүйелі түрде бұзылу фактілері анықталды.

Атап айтқанда, 36 кәсіпкер коммерциялық объектілерді уақытылы бағалау және бюджетке тиісті төлемдерді аудару бойынша міндеттерін орындамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде мемлекет кірісіне 2,6 млн теңге өндіріліп, кінәлі тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура органдарымен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғастырылуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: автор