Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Биыл Атырауда 158 адам қайтарымсыз мемлекеттік грант алды

Атырау облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 400 АЕК көлемінде 330 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Тамыз айында оның 158-і табысталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Гранттар кезең-кезеңімен беріледі. Бірінші лег бойынша өтініштер маусым-шілде айларында қабылданған.

Грант иегерлерінің 102-сі — ауыл тұрғындары.

Қаражат негізінен:

100 грант — технологиялық жабдыққа;
32 — инвентарь алуға;
9 — еңбек құралдарына;
6 — мал алуға;
7 — құс алуға;
3 — көшет отырғызуға;
1 — жалға алу шығындарына бағытталды.

Грант иегерлерінің қатарында 99 көпбалалы ана, 22 мүгедектігі бар азамат, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 31 ата-ана және асыраушысынан айырылған 6 азамат бар.

Жоба әлеуметтік осал топтағы азаматтарға өз ісін бастап, тұрақты табыс көзін қалыптастыруға мүмкіндік береді.