Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда прокуратура сұмдық жайтты әшкереледі

Облыс прокуратурасы салық төлеушілердің мүлік салығын есептеу кезінде салық салу базасын төмендету деректерін анықтады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жосықсыз салық төлеушілер салық жүктемесін азайту мақсатында декларацияларда салық салу базасын анықтауға әсер ететін бұрыс (нақты емес) мәліметтерді көрсеткен, бұл салықтың толық төленбеуіне әкеп соқтырған.

Мәселен, «М» ЖШС 2025 жылы объектінің алаңын 14 700 шаршы метр деп есептеп, 9,2 млн теңге көлемінде мүлік салығын төлеген, ал «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мәліметтеріне сәйкес объектінің нақты алаңы 28 827,3 шаршы метрді құрайды.

Салық салу базасын төмендету нәтижесінде салықтың жетіспейтін сомасы 8,5 млн теңгеден астам қаражатты құрады.

Осындай заң бұзушылықтар тағы 63 жылжымайтын мүлік объектісі бойынша анықталып, бүгінгі таңда бюджетке 250 млн теңгеден астам қаражаттың өндірілуі қамтамасыз етілді.

Мұндай заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда және прокуратура органдарының бақылауында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: автор