Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда жер телімдерін беру уақытша тоқтатылған ба?

Атырау облысында болашақ жолдар мен инфрақұрылым нысандары орналасатын аумақтарда жер телімдерін беру уақытша тоқтатылды. Облыстық әкімдік жер телімдерін Бас жоспар бекітілгенге дейін толықтай беруді тоқтату туралы сөз болып отырмағанын түсіндірді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Уақытша шектеу тек жобаланатын және салынып жатқан автомобиль жолдарының, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының аумағында орналасқан жер телімдеріне, сондай-ақ санитарлық-қорғау, күзет және пайдаланудың ерекше талаптары белгіленген өзге де аймақтарға қатысты енгізілді.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл шешім бұрын берілген жер телімдерінің кейін мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіруінің және оларды мемлекет қаражаты есебінен кері сатып алу қажеттілігінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аталған аумақтарға кірмейтін және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келетін жер телімдерін беру бұрынғы тәртіппен жалғасады.