Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері 20%-ға дейін арзандайды

1 қарашадан бастап Атырау қаласында картоп, пияз, сәбіз және қырыққабаттың бағасы төмендейді. Көкөністер маусымаралық кезеңде, яғни келер жылдың мамырына дейін тұрақты бағада сатылады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өнімдер «Дина» және «Сарайшык» базарларында, «Насиха» сауда үйінде, сондай-ақ 11 сауда павильонында сатылады.

-«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өңірлік тұрақтандыру қоры аясында көкөніс қорын жасақтауда. Биыл жергілікті төрт ауыл шаруашылығы тауарын өндірушімен жалпы көлемі 10 233 тонна өнім жеткізу туралы келісімшарт жасалды. Оның ішінде 4 765 тонна картоп және 5 468 тонна пияз, сәбіз бен қырыққабат бар. Қазір тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 15 түрі белгіленген бағамен саудалануда, - деді «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ PR менеджері Гүлназ Кәрімжан.

Сонымен қатар нан бағасын тұрақтандыру үшін «Желаев нан өнімдері комбинаты» ЖШС-мен 3 456 тонна бірінші сұрыпты бидай ұнын жеткізу туралы келісімшарт жасалған. Қазір ұн Атырау облысының барлық аумағына кезең-кезеңімен жеткізіліп жатыр.