Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған меморандумдарға қол қойылды

Атырауда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және шағын әрі орта бизнесті қолдау бағытында бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы AtyrauTODAY тілшісі хабарлады.

Құжаттарға Атырау облысының іскер әйелдер қауымдастығы, «Даму» қоры, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері қол қойды.

Іс-шараға өңірдің 50-ден астам әйел кәсіпкері қатысты. Кездесу барысында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған қолдау шараларын кеңейту, жаңа бизнес-бастамаларды ілгерілету және өңірдегі іскерлік белсенділікті арттыру мәселелері талқыланды.

Ынтымақтастық аясында әйел кәсіпкерлерге қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру, олардың жаңа жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндік жасау және кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру көзделіп отыр.

Атырау облысының іскер әйелдер қауымдастығы бүгінде өңірдегі әйел кәсіпкерлердің басын біріктіріп, олардың кәсіби және іскерлік әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіп келеді. Қазіргі таңда қауымдастық құрамында 70-тен астам әйел бар.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, мұндай ынтымақтастық әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, тәжірибе алмасуға және жаңа жобалардың жүзеге асуына қосымша мүмкіндік береді.

Меморандумдар аясындағы бірлескен жұмыстар алдағы уақытта өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына және шағын әрі орта бизнестің белсенділігін арттыруға бағытталмақ.