Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда ет бағасын негізсіз көтерген...

Атырауда ет бағасын негізсіз көтерген 86 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күн сайын мониторинг жүргізілуде. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, азық-түлік бағасында күрт өсім тіркелмеген. Жекелеген тауарлардың қымбаттауы маусымдық факторлар мен логистикалық шығындарға байланысты.

Қазіргі таңда сиыр төс еті 3 500–3 700 теңге, сиырдың сан еті 3 800–4 100 теңге, жылқы еті 3 800–4 000 теңге, қой еті 3 000–3 500 теңге аралығында сатылуда.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесін негізсіз асырғаны үшін 86 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау қаласындағы мал сою орындарында күн сайын орта есеппен 60 бас ірі қара, 10–20 жылқы және 15–20 қой сойылады. Мал Батыс Қазақстан облысынан, сондай-ақ Қызылқоға, Құрманғазы және Махамбет аудандарынан жеткізіледі.

Мамандардың айтуынша, еттің ең қолжетімді бағасы «Дина» және «Сарайшық» коммуналдық базарларында сақталып отыр. Бағаға бақылау жұмыстары жалғасуда.