Сәбит Мұқанов атындағы №10 орта мектепке жаңа ғимарат салынып жатыр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Мектептің бұрынғы ғимараты 50 жыл бұрын салынған. Өткен жылдың қазан айында ескі нысан бұзылып, оның орнына жаңа мектептің құрылысы басталды.
Жаңа білім беру нысаны екі қабатты, алты блоктан тұрады. Ғимаратта оқу кабинеттері, акт және спорт залдары, сондай-ақ асхана қарастырылған. Жер қабаты 1,5 метрге көтеріліп, орталық көше деңгейімен теңестірілген.
Мердігер мекеме өкілі Серік Асановтың айтуынша, бүгінде құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Нысанның құрылысын «БатысАльянсСтрой» ЖШС жүргізіп жатыр.