Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді
- Мақала туралы ақпарат
- 13.11.2026

17–27 қазан аралығында Атырау қаласында Республика күніне орай «Bereke Fest» және «Republic Day» республикалық акциялары ұйымдастырылады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Акцияларға қаладағы сауда желілері, сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтары қатысады.
Акция аясында қала тұрғындары мен қонақтарына азық-түлік және өзге тауарларға арнайы жеңілдіктер ұсынылады.
«Republic Day» акциясына Атырау қаласындағы алты сауда нысаны қатысады. Олар – «Насиха» сауда үйі, «Тамаша», «Атырау», «Байзар» және «Infinity Mall» сауда ойын-сауық орталықтары, сондай-ақ «Бақдәулет» сауда үйі. Мұнда азық-түлік тауарларына 20%-ға дейін, ал өзге тауарларға 70%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.
Ал «Bereke Fest» акциясына «Ярмарка», «Анвар», «Дана», «Клубничный рай», «Пешеход» супермаркеттері мен Dihan сауда желісі қатысады. Олар қала бойынша 39-дан астам сауда нүктесінде қызмет көрсетеді. Акция аясында азық-түлік тауарларына 20%-ға дейін жеңілдік ұсынылады.

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 24 қазанда қайта тіркеліп, № KZ95VPY00132858 куәлігі берілген.