Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда 4 мың тоннадан астам балық экспортталды

Биыл өңірде 5530 тонна балық ауланып, оның 4085 тоннаға жуығы экспортқа жөнелтілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Тауарлы балық өсіру бағытында 6 балық өсіру шаруашылығы жұмыс істеп, олардан 405 тонна балық өсіріліп, 64 адам жұмыспен қамтылды.

Саланы дамыту мақсатында 2028 жылға дейін қосымша 5 тауарлы балық өсіру жобасын іске асыру және 1 балық өңдеу зауытын жаңғырту жоспарланған. Оның ішінде тұйық сумен жабдықтау жүйесімен және тоғандарда тұқы тұқымдас балық өсіруге бағытталған 3 жаңа жоба жүзеге асады. Ал 2027 жылы қосымша 400 тоннаға дейін өнім өндіру көзделіп отыр.

Бекіре тұқымдас балықтарды сақтау және көбейту бағытында былтыр Жайық өзеніне 5 млн дана, биыл 3,7 млн бекіре шабағы жіберілді. 
Жыл басынан бері Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында 1647 құқықбұзушылық фактісі анықталды.

Сәуле МАҒАУ

Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ