Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда 20 инвестжоба жүзеге асырылмақ

Атырау облысында 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл өңірде жалпы құны 557 млрд теңге болатын, цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген 20 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазір оның 8-і іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Қалған 12 жобаны жыл соңына дейін іске қосу көзделген. Нәтижесінде 1 900-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. 

 

 

Бұдан бөлек мемлекеттік қолдау аясында 124 кәсіпкерге несие беріліп, 1 518 кәсіпкердің жобасына пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қолдау көрсетілді.

 

 

Сонымен қатар 2024–2026 жылдары Өңірлік үйлестіру кеңесі 44 инвестициялық жобаны мақұлдаған. Оның 30-ы Атырау қаласында, 6-уы Мақат ауданында, 3-еуі Махамбет, 3-еуі Жылыой, 1-еуі Исатай ауданында және 1-еуі Құрманғазы ауданында орналасқан. Қазір жобалардың инвестициялық мәртебесін айқындау және жер учаскелерін беру мәселелері қаралуда. 

 

 

– Кәсіпкерлікті қолдау шаралары өңірдегі өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және шағын және орта бизнестің экономикалық белсенділігін арттыруға ықпал етеді, – деді Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Сәттіғұл Сабыров. 

 

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында 57 393 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі белсенді жұмыс істейді. Бұл салада 125 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Image