Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда кімдерге 23 мың теңге төленбек?

Атырауда Республика күніне орай 23 мыңға жуық азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырау облысында Республика күніне орай 18 жастан асқан мүгедектігі бар 22 996 азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Оның ішінде I, II және III топтағы мүгедектігі бар азаматтардың барлығы қамтылған. Төлемді алу үшін өтініш беру талап етілмейді. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысының орынбасары Құралай Тілеумағамбетова айтты. ӨКҚ мәліметінше, Мерекеге орай берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішті, яғни 86 500 теңге. Қаражат белгіленген тәртіпке сәйкес көмек алушылардың есепшоттарына аударылады.

– Біржолғы әлеуметтік көмек мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау және мерекелік күн қарсаңында материалдық тұрғыдан қолдау мақсатында көрсетіледі. Мұндай көмек 2021 жылдан бері беріліп келеді. Сонымен қатар мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға да қолдау қарастырылған. 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мамыр айында да осындай көмек көрсетілді, – деді Қ. Тілеумағамбетова.

Аман ШАМАР