Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырау–Орал автожолының 184 шақырымында жөндеу жүріп жатыр

 

Атырау–Орал автожолының екі учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 184 шақырымды құрайтын жол бөліктерін жаңарту жұмыстары 2026–2028 жылдарға жоспарланған, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

95–189 шақырым аралығындағы 94 шақырымдық учаскеде «АБК-Автодор-НС» ЖШС жұмыс атқаруда. Бүгінде 55 шақырым жолдың негізі ресайклинг әдісімен өңделіп, төменгі асфальтбетон қабаты төселді.

– Жұмыстардың басым бөлігі аяқталды. Қалған жұмыстарды күн суытқанға дейін жалғастырамыз. Келесі кезеңдегі жұмыстарды келер жылдың көктемінде қайта бастаймыз, – деді учаске басшысы Рустам Есмұханов.

Ал 5–95 шақырым аралығындағы 90 шақырымдық учаскеде «Алматыинжстрой» АҚ жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір 4,5 шақырым жолдың негізі ресайклинг әдісімен өңделіп, 2 шақырымға төменгі асфальтбетон қабаты төселген.

Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде автожолдың техникалық жағдайы жақсарып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығы артады деп күтілуде.