Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырау облысында мемлекет меншігіне 21 мың гектардан астам жер қайтарылды

Жыл басынан бері Атырау облысында пайдаланылмай жатқан 21,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Оның ішінде 20,4 мың гектары – жайылымдық жерлер, 200 гектары – егістік алқаптар, ал 700 гектары – өзге мақсаттағы ауыл шаруашылығы жерлері.

Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Амангелді Саламат мәлімдеді. Оның айтуынша, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

«Жер бос жатпауы керек, ол халық игілігіне қызмет етуі тиіс. Сондықтан заң талаптарына сәйкес пайдаланылмайтын немесе игерілмейтін жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылады», – деді басқарма басшысы.

Жыл басынан бері өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жалпы аумағы 13,2 мың гектарды құрайтын 36 жер учаскесі берілді. Сонымен қатар, аукцион арқылы жалпы аумағы 27,7 гектар болатын 38 жер учаскесі табысталды.

Қазіргі таңда облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекте 184 мыңнан астам адам тұр. Жыл басынан бері олардың 104-і жер учаскесіне ие болды.

Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ