Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда соққыға жығылған иттің жағдайы белгілі болды

Атырауда күрекпен соққыға жығылған Герда атты иттің жағдайы туралы волонтёрлар мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атырауда «Доброе сердце» еріктілер тобы Герда есімді иттің жағдайы туралы айтты. Ол адам тарапынан жасалған қатыгездіктің құрбаны болған. Кинолог әрі ерікті Мамучар Джабасовтың айтуынша, ит қатты күйзеліске түскен, қорқып қалған және алған жарақаттарынан кейін біртіндеп есін жиып келеді.

«Біз оған алғашқы көмек көрсетіп, жағдайын тұрақтандырдық. Бейшара қатты қорқып қалған, кімнен қорғаныш сұрарын білмейді. Қазір біздің басты міндетіміз — оның адамдарға деген сенімін қайта қалпына келтіру. Емдеу мен оңалту ұзақ уақытты қажет етеді, бірақ Алланың қалауымен бәрін еңсереміз», — деді Мамучар Джабасов.

Герда — стаффордширлік терьер тұқымына жатады. Куәгерлердің айтуынша, оның бұрынғы иелері сәтсіз болған, ол бірнеше рет қолдан-қолға өткеннен кейін осындай қайғылы жағдайға тап болған. 

Құқық қорғау органдары жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Шабуылға қатысы бар әйел ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ит тәркіленіп, қажетті ветеринарлық көмек алды.

Полиция жануарларға қатыгездік көрсету қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салып, мұндай жағдайларға қатаң құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.